29
апрель
2025
Шерхан Мұртаза оқулары
Бүгін мектебімізде облыстық Шерхан Мұртаза оқулары өтті. Бұл байқау жас буынның көркемсөз оқу шеберлігін шыңдап, ұлт руханиятына деген сүйіспеншілігін арттыруды көздейді. Әдебиетке деген махаббат пен шабыт тоғысқан бұл сайыста оқушылар Шерхан Мұртаза шығармаларын ерекше шабытпен оқып, өзара тәжірибе алмасты.
Мектебіміздің намысын қорғаған Ақылбек Айғаным “Жүрекке жол тапқан жұлдыз” номинациясы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусакулова Қалдыгүл.
Құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!