Ұлттық бірыңғай тестілеу –2021-2022 » №15 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 333-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлттық бірыңғай тестілеу –2021-2022
02
сентябрь
2021

Ұлттық бірыңғай тестілеу –2021-2022

ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ өткізіледі:
· ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
· ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
· ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

Өтініш қабылдау мерзіміТестілеу мерзімі
Қатысушылар




Қаңтар




Қаңтар
1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
2) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін
3) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар
Ақпан-мамырНаурыз-маусым1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
2) қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері
3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері
4) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері
5) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар
6) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін
ШілдеТамыз1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері
3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар
4) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін
5) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар
Тестілеуге қатысу бағасы – 2242 теңге.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Апелляция: қарастырылған.

Тестілеу пәндеріТапсырмалар саныТапсырмалар формасы
1 блок Математикалық сауаттылық15Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Оқу сауаттылығы20Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс


Қазақстан тарихы15Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
2 блок 1 бейінді пән25Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
2 бейінді пән25Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
Жоғары балл саны: 140
Шекті деңгей балы:
Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.
Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл.
Сонымен қатар әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.                                    
Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады
Бейінді пәндер комбинациясы
1 бейінді пән2 бейінді пән
1математикаФизика
2математикагеография
3биологияХимия
4биологиягеография
5шет тілідүниежүзі тарихы
6географияшет тілі
7дүниежүзі тарихықұқық негіздері
8дүниежүзі тарихыгеография
9қазақ тілі / орыс тіліқазақ әдебиеті / орыс әдебиеті
10химияФизика
11шығармашылық емтиханшығармашылық емтихан
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы : 2 пән .
Барлық тест тапсырмалар саны - 60.
Тестілеудің жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут).
Тестілеу пәндеріТапсырма саныТапсырмалар формасыБағалау формасы
Жалпы кәсіптік пән20Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс1 дұрыс жауап = 1 балл
Арнайы пән40Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)1 дұрыс жауап = 1 балл


Көп жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (10)Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл
Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл
2 немесе одан көп қате – 0 балл
Жағдаятық тапсырмалар (10)1 дұрыс жауап = 1 балл
Жоғары балл саны: 70.
Шекті деңгей балы: 25.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
"Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. ҰБТ нәтижесі талап етілмейді.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Miranda
1 апреля 2022 18:57
Finally find the info someone asked the other day about Margot Robbie on celeb net worth I was looking for it all over the web and luckily found it!