16
май
2025
Ашық терезе - балалар үшін қауіпті!
Бала қауіпсіздігі — бәрінен маңызды!
Балалардың терезеден құлап кету жағдайлары, өкінішке қарай, жиі кездеседі. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.
Балаларды терезеден құлаудан сақтайтын кеңестер:
Терезеге торлар немесе қорғаныш тосқауылдар орнатыңыз.
Олар мықты және бала аша алмайтын болуы керек.
Терезеге шектеуіш немесе құлып қойыңыз.
10–15 см-ден артық ашылмауы қажет.
Терезе алдына жиһаз қоймаңыз.
Бала соған шығып, терезеге жетіп қалуы мүмкін.
Ашық терезе кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Маскит торына сенбеңіз!
Ол жәндіктерден қорғайды, бірақ баланың салмағына шыдамайды.
Балаларға түсіндіру жұмыстары маңызды.
Терезенің қауіпті екенін айтып, жақындамауын үйретіңіз.
Балаларымыз аман болсын!