Ағылшын тілі бірлестігінің "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты онкүндігі » №15 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 333-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ағылшын тілі бірлестігінің "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты онкүндігі
16
ноябрь
2021

Ағылшын тілі бірлестігінің "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты онкүндігі

К. Әзірбаев атындағы 15 орта мектебінде 15-26 қараша күндері Ағылшын тілі бірлестігінің "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты онкүндігі өтеді.
15 қараша күні апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шарада Ағылшын тілі пәнінің ұстаздары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл  туралы нақыл сөздер оқыды. Оқушылар апталыққа қызығушылық танытып, ағылшын тілінде өлеңдер оқылып, әндер айтылды. 
Бірлестік ұстаздарының онкүндікке дайындаған мазмұнды бағдарламасының мақсаты тілді - тек пән немесе қатынас құралы ғана емес, халықтар арасындағы достықтың, өркениет пен мәдениеттің дамуына ықпал етуші күш, алтын көпір екенін айқындау болып табылады.
Апталық аясында ашық сабақтардан бөлек әр түрлі сыныптан тыс шаралар өткізіледі. Солардың бірі - "Puzzle time", мұнда оқушылар үлкен үзіліс уақытында сөзжұмбақ, анаграмма сияқты көптеген тапсырмаларды орындайды. Сондай-ақ, "Spelling bee" сайысында берілген сөздерді әріптің  айтылу ережесіне сай дұрыс айтып шығуы қажет. Бұл олардың "speaking", яғни айтылым дағдысын дамытуға негіз болады. Ынталандыру мақсатында сыйлықтар беріледі.
Бұдан бөлек, 2021-2022 оқу жылындағы Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы "Оқуға құштар мектеп" аясында "Bookcrossing", "Дебаттар" аясында "ТЕD TALKS" жобалары өткізіледі. Аталмыш шаралардың алғашқысы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып, кітап алмасуды қалыптастырса, дебаттар еркін пікір алмасу алаңы болмақ. Онкүндік зияткерлік ойындармен жалғасып, салтанатты жабылуы концерттік бағдарламамен аяқталады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив