БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ » №15 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72752) 333-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ
24
октябрь
2021

БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ

🔷 «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ-АДАМ ҚҰҚЫҒЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ
📝 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы №836 (IX) қарар қабылдады және барлық елдерге Дүниежүзілік балалар күнін атап өтуге кеңес берді. Дүниежүзілік балалар күні бүкіл әлемде 20 қарашада атап өтіледі.
📝20 қараша күні кездейсоқ таңдалмады: 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «балаларды бақытты балалық шақпен қамтамасыз ету» мақсатын жариялаған Бала құқықтары декларациясын қабылдады. Мереке барлық азаматтарды тиісті заңнамалық және басқа да шараларды жүзеге асыра отырып, балалардың құқықтарын сақтауға шақырады.
📝Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны 1994 жылы ратификациялады. Дүниежүзілік күнге балалардың танымдық, тақырыптық, мәдени және спорттық іс-шаралар циклін ұштастыру жоспарлануда.
📌 Өтетін мерзімі: 2021 жылдың 20 қазанынан 20 қарашасына дейін
📌 Республикалық айлық арналады:
- Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеуге;
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына.
📌 Республикалық айлыққа қатысушылары: орта білім беру ұйымдарының білім алушылары, мемлекеттік органдардың, педагогикалық, ата-аналар қоғамдастығының, бизнес-құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, БАҚ және т. б.
📌 Республикалық айлықтың мақсаты: мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-топтардың, БАҚ-тың балалардың мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне қоғамның назарын аударуда күш-жігерін біріктіру.
📌 Республикалық айлықтың міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның сындарлы диалогын құру;
2) балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік іс-шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету;
3) қайырымдылық қозғалысын жандандыру;
4) барлық санаттағы балаларды мерекелік іс-шаралармен, оның ішінде қашықтықтан іс-шаралармен жаппай қамтуды қамтамасыз ету;
5) балаларға арналған аумақтарды абаттандыру бойынша жобаларға бастамашылық ету.
📝Республикалық айлықты өткізудің өзектілігі:
📌 Іс-шараларды ұйымдастыру қажеттілігі БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясының, «Қазақстан-2050»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
White Marsha
19 июля 2022 08:19
No matter how old they are, children have the same rights as adults. This includes the right to speak up and say what you think, as well as the right to equality, health, education, a clean environment, a safe place to live, and protection from all kinds of harm. snake io