16
ноябрь
2021
Ағылшын тілі бірлестігінің "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты онкүндігі
К. Әзірбаев атындағы 15 орта мектебінде 15-26 қараша күндері Ағылшын тілі бірлестігінің "Тіл - достықтың алтын көпірі" атты онкүндігі өтеді.
15 қараша күні апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шарада Ағылшын тілі пәнінің ұстаздары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл туралы нақыл сөздер оқыды. Оқушылар апталыққа қызығушылық танытып, ағылшын тілінде өлеңдер оқылып, әндер айтылды.
Бірлестік ұстаздарының онкүндікке дайындаған мазмұнды бағдарламасының мақсаты тілді - тек пән немесе қатынас құралы ғана емес, халықтар арасындағы достықтың, өркениет пен мәдениеттің дамуына ықпал етуші күш, алтын көпір екенін айқындау болып табылады.
Апталық аясында ашық сабақтардан бөлек әр түрлі сыныптан тыс шаралар өткізіледі. Солардың бірі - "Puzzle time", мұнда оқушылар үлкен үзіліс уақытында сөзжұмбақ, анаграмма сияқты көптеген тапсырмаларды орындайды. Сондай-ақ, "Spelling bee" сайысында берілген сөздерді әріптің айтылу ережесіне сай дұрыс айтып шығуы қажет. Бұл олардың "speaking", яғни айтылым дағдысын дамытуға негіз болады. Ынталандыру мақсатында сыйлықтар беріледі.
Бұдан бөлек, 2021-2022 оқу жылындағы Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы "Оқуға құштар мектеп" аясында "Bookcrossing", "Дебаттар" аясында "ТЕD TALKS" жобалары өткізіледі. Аталмыш шаралардың алғашқысы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын оятып, кітап алмасуды қалыптастырса, дебаттар еркін пікір алмасу алаңы болмақ. Онкүндік зияткерлік ойындармен жалғасып, салтанатты жабылуы концерттік бағдарламамен аяқталады.