06
сентябрь
2022
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында келелі мәселелер көтерілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында келелі мәселелер көтерілді. Еліміздің білім беру және ғылым саласының алдында кезек күттірмес ауқымды міндеттері туралы айтылды. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.
Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Мемлекет басшысы экономикалық даму, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, мәдениет, бизнес салаларына да айқын тоқталды.