ҰБТ - №15 ОРТА МЕКТЕП http://15-ileaud.mektebi.kz/ ru ҰБТ - №15 ОРТА МЕКТЕП DataLife Engine ҰБТ-ның нормативтік құжаттары http://15-ileaud.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/360-bt-ny-normativtk-zhattary.html http://15-ileaud.mektebi.kz/o-detskom-sade/normativtk-zhattar/360-bt-ny-normativtk-zhattary.html 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 2 шiлдедегі № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 шiлдеде № 23268 болып тіркелді.

]]>
2-1) тармақшасына сәйкес және "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 қаулысын іске асыру мақсатында, сондай- ақ 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру бағдарламаларының топтары бойынша бөлу және 2021-2022 оқу жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия отырысының 2021 жылғы 7 маусымдағы № 1 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бөлінісінде жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
]]>
admin Thu, 02 Feb 2023 20:04:18 +0600
Ұлттық бірыңғай тестілеу-2023жыл http://15-ileaud.mektebi.kz/main/573-ltty-bryaj-testleu-2023zhyl.html http://15-ileaud.mektebi.kz/main/573-ltty-bryaj-testleu-2023zhyl.html

]]>












]]>
admin Wed, 11 Jan 2023 10:55:31 +0600
2022 жылғы 1-31 наурыз аралығындағы өткізілетін Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы http://15-ileaud.mektebi.kz/main/389-ob-organizacii-edinogo-nacionalnogo-testirovanija-provodimogo-s-1-po-31-marta-2022-goda.html http://15-ileaud.mektebi.kz/main/389-ob-organizacii-edinogo-nacionalnogo-testirovanija-provodimogo-s-1-po-31-marta-2022-goda.html ]]> 2022 жылғы 1-31 наурыз аралығындағы өткізілетін Ұлттық біріңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------

Об организации единого национального тестирования, проводимого с 1 по 31 марта 2022 года







]]>
admin Fri, 25 Feb 2022 13:15:20 +0600
Келесі оқу жылынан бастап IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады http://15-ileaud.mektebi.kz/main/387-keles-ou-zhylynan-bastap-it-bayttaryna-tsks-keletn-talapkerler-bt-da-fizika-emes-informatika-pnnen-test-tapsyrady.html http://15-ileaud.mektebi.kz/main/387-keles-ou-zhylynan-bastap-it-bayttaryna-tsks-keletn-talapkerler-bt-da-fizika-emes-informatika-pnnen-test-tapsyrady.html Келесі оқу жылынан бастап IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады]]>       Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түседі. 

      Осыған байланысты министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика»комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады. 

      2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика +Информатика»комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады. 
]]>
admin Mon, 21 Feb 2022 11:28:20 +0600
Қысқы ақылы ҰБТ http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/346-ysy-ayly-bt.html http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/346-ysy-ayly-bt.html admin Wed, 01 Dec 2021 12:12:30 +0600 Ұлттық бірыңғай тестілеу –2021-2022 http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/347-ltty-bryaj-testleu-2021-2022.html http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/347-ltty-bryaj-testleu-2021-2022.html ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ өткізіледі:
· ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;]]>
ҰБТ өткізіледі:
· ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
· ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
· ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.

Өтініш қабылдау мерзіміТестілеу мерзімі
Қатысушылар




Қаңтар




Қаңтар
1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
2) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін
3) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар
Ақпан-мамырНаурыз-маусым1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
2) қалауы бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері
3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері
4) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері
5) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар
6) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін
ШілдеТамыз1) қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары
2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері
3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар
4) ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін
5) ЖОО-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар
Тестілеуге қатысу бағасы – 2242 теңге.
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді тестілеуге қатысуға онлайн өтініш беру кезінде банк картасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы онлайн режимде жасайды.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Апелляция: қарастырылған.

Тестілеу пәндеріТапсырмалар саныТапсырмалар формасы
1 блок Математикалық сауаттылық15Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
Оқу сауаттылығы20Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс


Қазақстан тарихы15Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
2 блок 1 бейінді пән25Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
2 бейінді пән25Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс
10Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты
Жоғары балл саны: 140
Шекті деңгей балы:
Ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл.
Басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл.
Сонымен қатар әр ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламары тобы бойынша өз шекті балын белгілейді.                                    
Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады
Бейінді пәндер комбинациясы
1 бейінді пән2 бейінді пән
1математикаФизика
2математикагеография
3биологияХимия
4биологиягеография
5шет тілідүниежүзі тарихы
6географияшет тілі
7дүниежүзі тарихықұқық негіздері
8дүниежүзі тарихыгеография
9қазақ тілі / орыс тіліқазақ әдебиеті / орыс әдебиеті
10химияФизика
11шығармашылық емтиханшығармашылық емтихан
Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы : 2 пән .
Барлық тест тапсырмалар саны - 60.
Тестілеудің жалпы уақыты — 2 сағат (120 минут).
Тестілеу пәндеріТапсырма саныТапсырмалар формасыБағалау формасы
Жалпы кәсіптік пән20Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс1 дұрыс жауап = 1 балл
Арнайы пән40Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)1 дұрыс жауап = 1 балл


Көп жауаптың ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар (10)Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 2 балл
Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл
2 немесе одан көп қате – 0 балл
Жағдаятық тапсырмалар (10)1 дұрыс жауап = 1 балл
Жоғары балл саны: 70.
Шекті деңгей балы: 25.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданады.
"Орта буын маманы" немесе "қолданбалы бакалавр" біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖЖОКБҰ-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖЖОКБҰ-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. ҰБТ нәтижесі талап етілмейді.]]>
admin Thu, 02 Sep 2021 12:15:14 +0600
ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/345-bt-tkzletn-rbr-punkte-medicinaly-sanitarly-sipattay-kshejtlgen-sharalar-abyldanatyn-bolady.html http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/345-bt-tkzletn-rbr-punkte-medicinaly-sanitarly-sipattay-kshejtlgen-sharalar-abyldanatyn-bolady.html ҰБТ 21 маусым күні басталады 🔸 21 маусым күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады. 🔸 ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді 🔸 21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу]]> 🔸 21 маусым күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады.
🔸 ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан. Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді
🔸 21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.
✅ ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады:
📍 дезинфекциялық тоннельден өту;
📍 арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру;
📍 дене қызуын өлшеу;
📍 қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу;
📍 медициналық маскалар беру.
]]>
admin Sat, 20 Jun 2020 12:08:16 +0600
Ата-аналар http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/7-ata-analar.html http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/7-ata-analar.html Ата-аналар

 

]]>
Ата-аналар

 

]]>
admin Tue, 17 Jan 2017 23:07:46 +0600
Памятка родит. по ЕНТ 2017 http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/18-pamyatka-rodit-po-ent-2017.html http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/18-pamyatka-rodit-po-ent-2017.html admin Mon, 09 Jan 2017 22:48:00 +0600 Памятки по ЕНТ 2017 http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/17-pamyatka-testiruemyy-_2017.html http://15-ileaud.mektebi.kz/oushylara/bt/17-pamyatka-testiruemyy-_2017.html admin Mon, 09 Jan 2017 22:40:00 +0600